27.02.2008, 17:00 2878

Оралда 2007 жылы навигациялау кезінде адам өлімі мен кемелердің бүлінуіне әкеп соқтырған екі үлкен апат болған

Оралда 2007 жылы навигациялау кезінде адам өлімі мен кемелердің бүлінуіне әкеп соқтырған екі үлкен апат болған

Астана. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Орал өзені мен Орал-Каспий арнасында 2007 жылы навигациялау кезінде адам өлімі мен кемелердің бүлінуіне әкеп соқтырған екі үлкен апат болған. Мұндай мәлімет Атырауда Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитетінің аймақтық көшпелі отырысы барысында айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жалпы аймақ бойынша 2007 жылы навигациялау кезінде адам өлімі мен кемелердің бүлінуіне әкеп соқтырған екі үлкен апат болған",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Барлық тіркелген апаттар мен көлік оқиғалары кемелерін өздерінің жүзу аймағынан тыс жерде пайдалануға жол беріп, кемелерді тіркеу ережесін, кемелерді дер кезінде куәландыру тәртібін сақтамаған кеме иелерінің кінәсынан болған",- деп сендірді Көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Атырау облысының әкімшіліктерінің, мемлекеттік органдардың, көлік прокуратурасының мүдделі өкілдері мен "Флот" ЖШС, "Құрсай" ЖШС, Орал-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығының басқармасы, "Атыраубұлақ" ААҚ, "Атырауөзенайлағы" АҚ, Аджип ККО сияқты аймақтың ірі кеме иелері қатысқан жиналыста апаттық оқиғалардың алдын алуға, кемелерді белгіленген жүзу аймағынан тыс жерде және тиісті куәландыру жүргізбестен пайдалануға жол бермеуге қатысты іс-шаралар қабылданды. "Осыған байланысты мемлекеттік "Кеме қатынасының регистрі" басқармасына кеме иелерінің өзен регистрі ережесінің талаптарын орындауға қойылатын бақылауды күшейту тапсырылды",- деп атап өтті Көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны