15.07.2008, 16:33 1359

Оралда апатты жағдайдағы кәріз коллекторының жөндеу жұмыстары басталды

Оралда апатты жағдайдағы кәріз коллекторының жөндеу жұмыстары басталды

Орал. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оралда "ОралСуАрнасы" ҚКК ағымдағы жылдың наурыз айында зақымданған кәріз коллекторының апатты бөліктерін жөндеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игере бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне "ОралСуАрнасы" ҚКК баспасөз қызметі хабарлады.

"690 млн теңге көлеміндегі қаражат осыдан үш ай бұрын қалалық кәріз коллекторында ірі апат шыққаннан кейін бөлінген", - деп хабарлайды "ОралСуАрнасы".

"Қаржы барлығы үш шақырымдық коллекторды жөндеуге жетеді", -дейді компаниядағылар. Жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны