27.05.2019, 20:07 9484

Оралда "Ашық әкімдік" жобасы жүзеге асырылып, тұрғындар "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданды

Қабылдаушылар кейбір сұрақтарға бірнеше ұйым немесе мекеменің қатысуымен ғана жауап беру мүмкін болған жағдайларда "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеді.

Орал. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, қалалық әкімдік бөлімдерінің, құқық қорғау органдары мен басқа да қызметтердің басшылары қала тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ашық әкімдік" дәстүрлі ашық есік күні сенбі күні Хадиша Бөкеева атындағы Қазақ драма театрының фойесінде болып өтті. "Ашық әкімдік" іс-шарасы барысында әрбір ниет білдіруші өз сұрақтарын, арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және басқа да ой-пікірлерін облыстық және қалалық атқарушы билік органдарының, коммуналдық қызметтердің, құқық қорғау органдарының және басқа да ұйымдар мен мекемелердің басшыларына тікелей жеткізе алды.

Барлығы жүз отыз жеті адам қабылдауда болды. Олардың басым бөлігі қала әкіміне тікелей өз сауалдарын қойды. Қалған 66 тұрғын қалалық әкімдік бөлімдерінің, құқық қорғау органдары мен басқа да қызметтердің басшыларына жүгінді. Қабылдаушылар кейбір сұрақтарға бірнеше ұйым немесе мекеменің қатысуымен ғана жауап беру мүмкін болған жағдайларда "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеді.

Тұрғындар негізінен әлеуметтік көмек алу, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес баспанаға қол жеткізу, жеке үй салуға жер телімін бөлу, автокөлік жолдары, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Науқан барысында тұрғындардың барлығы заңдық кеңестер алып, өздерін толғантқан сұрақтарға жауап алды.

"Ашық әкімдік" жобасы алғашқы жәрдем көрсету бойынша ыңғайлы алаң құрады және сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басты тетіктерінің бірі ретінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын, олардың сапасын арттыруға септігін тигізеді, дейді ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны