10.06.2016, 14:19 4833

Оралда дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын 17 адам ұсталды

ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті БҚО ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, исламныӊ дәстүрлі емес діни бағыттарыныӊ бірін ұстанатын жергілікті адамдардыӊ өздерімен бір бағыттағы 1994 жылғы Атырау облысыныӊ тұрғыны М-ға көмектесіп, белгісіз біреулер тартып әкетті делінген автокөлігін күшпен қайтармақ болған әрекеті туралы жедел мәліметті тексерді

Орал. 10 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті БҚО ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, исламныӊ дәстүрлі емес діни бағыттарыныӊ бірін ұстанатын жергілікті адамдардыӊ өздерімен бір бағыттағы 1994 жылғы Атырау облысыныӊ тұрғыны М-ға көмектесіп, белгісіз біреулер тартып әкетті делінген автокөлігін күшпен қайтармақ болған әрекеті туралы жедел мәліметті тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтыӊ БАҚ-пен байланыс тобынан түскен мәліметке қарағанда, алдын ала жедел іздестіру шаралары барысында діни бағытты ұстанбайтын ортадан шыққан адамдардыӊ автокөлікті заӊсыз иеленгені белгілі болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Келеӊсіз көріністердіӊ алдын алу мақсатында 17 адам анықталды. БҚО ІІД мүмкіндіктері арқылы олар 10 маусым күні сағат 02.00-де "Бәйтерек" базары жанына жиналған сәтте ұсталды. Бұл адамдар Асан ауылына қарсы топпен кездесуге аттанбақ болған. Олар мінген автокөліктерден бес дана бейсбол битасы және 1 арматура тәркіленді.

Ұсталған адамдар Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа мәліметтер кейін берілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны