01.04.2013, 11:52 4715

Оралда электр қуатын үнемдейтін бағдаршамдар орнатылуда

Қалада барлығы 49 бағдаршам болса, соның 38-і жаңаланды. Қалғаны биыл орнатылмақ. Өйткені, олардың көбі өткен ғасырдың 70-80 жылдары шығарылған, талапқа сай келмейді және жиі істен шығып қала береді.

Орал. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Оралда электр қуатын үнемдейтін бағдаршамдар орнатылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралда ескі үлгідегі бағдаршамдар электр қуатын үнемдейтін жарық диодты жаңа бағдаршамдарға ауыстырылып жатыр.

Қалада барлығы 49 бағдаршам болса, соның 38-і жаңаланды. Қалғаны биыл орнатылмақ. Өйткені, олардың көбі өткен ғасырдың 70-80 жылдары шығарылған, талапқа сай келмейді және жиі істен шығып қала береді. Жаңа үлгідегі құрылғылар электр қуатын 5 есеге дейін үнемдейді. Ирі 100 мың сағатқа есептелген. Ескі бағдаршамдардың күндіз көзге шалына бермейтіні көптен айтылды. Ал жаңалары болса, алыстан жарқырап көрінеді. Биыл жол қозғалысын реттеу құрылғыларын техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 127 миллион теңге қаржы бағытталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны