10.06.2015, 14:53 3641

Оралда есірткі тұтынушыларды емдеуді қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін Оралда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ және БҰҰ-ныӊ Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасыныӊ қолдауымен "Аман-саулық" қоғамдық қоры ұйымдастырған "Қазақстан Республикасында есірткініӊ орнын басу терапиясын дамыту перспективалары" тақырыбында қоғамдық тыӊдау болып өтті

Орал. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Оралда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ және БҰҰ-ныӊ Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасыныӊ қолдауымен "Аман-саулық" қоғамдық қоры ұйымдастырған "Қазақстан Республикасында есірткініӊ орнын басу терапиясын дамыту перспективалары" тақырыбында қоғамдық тыӊдау болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға денсаулық сақтау басқармаларыныӊ, облыстық ЖИТС орталықтарыныӊ, наркологиялық диспансерлердіӊ, құқық қорғау органдарыныӊ жетекшілері, мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясыныӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардыӊ туыстары қатысты.

Қоғамдық тыӊдауға қатысушылар орнын басу терапиясыныӊ артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ, оны Қазақстанда дамыту перспективалары жөнінде талқылады.

Есірткініӊ орнын басу терапиясы - тәуекел топтары арасында АИТВ/ЖИТС таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін нашақорлықты емдеудегі инновациялық әдіс. Бүгінгі таӊда орнын басу терапиясы әлемніӊ 71 елінде қолданылады, ал Еуропа Одағы елдерінде 600 мыӊнан астам науқас осы емді алады.

"Зиянды азайту" амалы адамныӊ есірткіден толық бас тартуына көмектесудіӊ маӊызын жоққа шығармайды, дегенмен көптеген нашақорлар үшін ол мақсатқа жету тым ұзаққа созылып кететінін және вирустар, бірінші кезекте АИТВ және гепатиттіӊ таралу, сондай-ақ өзге аурулардыӊ асқыну тәуекелі өте жоғары екенін мойындайды",-деді "Аман-саулық" қоғамдық қорыныӊ президенті Бақыт Түменова.

2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын басу терапиясыныӊ пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде орнын басу терапиясы бағдарламасы пилоттық режімде ауқымын кеӊейтіп, еліміздіӊ 10 қаласын қамтыды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны