20.05.2008, 19:23 3308

Оралда кәсіпкерлер құқығы аяққа тапталуда

Оралда кәсіпкерлер құқығы аяққа тапталуда

Орал. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Орал қаласының прокуратурасы кәсіпкерлер құқығы аяққа тапталған көптеген оқиғаларды анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Батыс Қазақстан облысының прокуратурасынан хабарлады.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының тәртіптік кеңесі алкогольдік өнімдерді сақтау, көтерме және бөлшектеп сату қызметін лицензиялау туралы заңның бұзылу деректері жөніндегі Орал қаласы прокурорының таныстырылымын қарастырды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокурорының аға көмекшісі Айгүл Жамансариева.

А. Жамансариеваның айтуынша, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаментінің лауазымды тұлғалары қала кәсіпкерлерінен заңда қарастырылмаған құжаттарды талап еткен, лицензияға қосымша қағазды беру үшін заңға қайшы мемлекеттік баж алған, шағын бизнес нысандарының шағымдарын қабылдамаған, қабылдаса да қарастырмаған. Сонымен қатар, лицензия алушы белгіленген біліктілік талаптарына сай келіп тұрса да лицензия бермеген.

"Сол уақытта балалар мен білім беру ұйымдарынан 100 метр қашықтықта орналасқан ғимараттарда алкогольдік өнім сатуға заңмен белгіленген тыйым болса да, 11 жеке кәсіпкерге спирттік ішімдіктерді сатуға лицензия берген. Ал қала прокурорының шағымы бойынша "Перекресток" мейманханасында алкогольдік өнім сатуға берілген лицензияны заңсыз деп таныған сот шешіміне қарамастан аталмыш рұқсат "Сукач" жеке кәсіпорынына қайта рәсімделген", - деді А. Жамансариева.

"Сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын заң бұзушылықтарды жасағаны үшін Батыс Қазақстан облысының әкіміне Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Руслан Сапарғалиевті сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартуға кеңес берілді. Ал Р. Сапарғалиевке департамент директорының орынбасары Уәлихан Разов және бөлім бастықтары Ж. Батырниязов пен А. Баяндықовты ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартуға кеңес беріледі", - деп хабарлады А. Жамансариева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны