18.11.2012, 14:53 4651

Оралда Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Оралда "Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуындағы ҚР Президентінің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығына сілтеме жасай отырып.

Орал. 18-қараша. Kazakhstan Today - Оралда Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралда "Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуындағы ҚР Президентінің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығына сілтеме жасай отырып.

Шараға ассмаблея хатшылығын әр жылдары басқарған жетекшілер - Энгельс Ғаббасов, Мырзғали Мұхамбетов, Қуанышбай Төлебаев, этномәдени бірлестіктерінің бастамашыл топтарының өкілдері қатысты. Кездесуге келгендер Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын талқылап, қоғам өміріндегі этномәдени бірлестіктердің рөлін арттыру бойынша ой бөлісті.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамасы. Бірегей институттың жұмысын әлемнің он төрт елі зерттеп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жөніндегі дәрістерді АҚШ пен Еуропада оқиды. Келісім мен татулықта өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың бай тәжірибесі бүкіл әлемді қызықтырып отыр", - деп атап өтті БҚО Қажзақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы желтоқсанның біріне белгіленген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне бірқатар мерекелік шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Оның қатарында еңбек ұжымдары мен студенттермен кездесулер өткізіп, кітаптардың таныстырылымы мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны