11.09.2006, 09:47 1539

Оралда полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа артықша бейім болып шықты - әкімшіліктегі кеңес

ОРАЛ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оралда мемлекеттік қызметкерлердің арасында әсіресе полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарға көп барады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне орай қалалық әкімшілікте өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Орал қалалық ІІБ бастығы Талғат Рахметовтың айтуынша, кейінгі кездері 9 қызметкер жұмысынан босатылып, бесеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. "Біреуі сотталды. Тағы біреуінің үстінен қозғалған іс қылмыстық құрам анықталмауға байланысты тоқтатылды. Сөйтіп қазіргі жағдаймен төрт қылмыстық іс өндірісте жатыр",- деді Т.Рахметов. 2005-жылы полиция қызметкерлерінің үстінен 10 қылмыстық іс қозғалды.

"2004-2005-жылдарда 25 қызметкер кірісі туралы декларацияны дер кезінде тапсырмай сыбайлас жемқорлық қылмысқа барып, сол үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Биыл біз уақытылы шара алудың арқасында мемлекеттік қызметкер ретінде кірісі жөніндегі декларацияны барлық қызметкерлер тапсырды",- деді Т.Рахметов.

Тұрғындардан полиция қызметкерлеріне қатысты жыл басынан бері 35 шағым түскен.

Мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа бейімдік деңгейіне қарай жер қатынасы бөлімінің қызметкерлері екінші орында. Орал қаласының әкімі Сағынбек Мұташевтың айтуынша, дәл осы жер қатынастары бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тұрғындардан көп шағым түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны