26.12.2007, 19:20 3429

Оралда сот шешіміміен Ел ырысы базары жабылды

Оралда сот шешімімен мемлекеттік шаруашылық Ел ырысы базары жабылды

Орал. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда санитарлық тазалық нормалары және өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін мемлекеттік шаруашылық "Ел ырысы" базарының қақпасына мөр басылып, құлып салынды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ, бес жыл бұрын салынған базар осы күнге дейін мемлекеттік комиссиясына тапсырылмаған. "Мұндай жағдайда базар пайдаланылуға берілмеу керек". "Бұл заң бұзушылық, басқаларын айтпағанда, мұндай тіпті су құбыры тартылмаған.Бұнымен бәрі айтылып тұр. Базар жұмыс істемеу керек", - деп мәлімдеді Б. Ізмұхамбетов.

Ол атап өткеніндей,"ол адамдарды жұмыссыз қалдырудан ада болғандықтан, базардың жұмысын тоқтату жөнінде соттың шығарған шешімін тоқтату үшін сот органдарына шағымданды".

Облыс әкімі уәде бергініндей, ақпан айында 2008 жылдың бюджеті белгіленгенде, базардың жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінеді. "Содан кейін оны заңды түрде мемлекеттік комиссияға тапсырып, сосын жұмыс істейтін боламыз", деп айтты ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, базарды жабу туралы сот шешімі түрлі санитарлық нормалардың және өрт қауіпсіздігінің сақталмауына орай жазда шығарылған. Сот орындаушыларының сот шешіміне сәйкес базарды күзде жаппақ болған талпынастарын базар әкімшілігі түрлі себептермен іске асыртпады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны