28.10.2007, 17:22 2844

Оралда су құбырында болған апат салдарынан тұтынушыларға су беру тоқтатылды

Оралда су құбырында болған апат салдарынан тұтынушыларға су беру тоқтатылды.

Орал. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда "Су арнасы" АҚ-ның су құбырында болған апат салдарынан тұтынушыларға су беру тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық әкімшіліктен хабарлады.

Икімшіліктің ақпараттарына сүйенсек, су құбырындағы апат 26-қазанда, таңертең болған.

Икімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, "бүгінгі күнде апат болған учаске оқшауланып, құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Басқа салалар бойынша су беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде".

Судың болмауына байланысты қалалық қызметтер бала бақшаларды, мектептер мен ауруханаларды су тасумен қамтамасыз етуде.

Қаланың билік өкілдері, тұтынушыларға су беру екі күннен бері қалпына келтірілмейтіндігін, атап көрсетуде.

Сонымен қатар, "Су арнасы" АҚ мамандары 320 шақырым су құбырының 70 пайызы апаттық жағдайда екендігін айтуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны