30.06.2015, 09:52 7597

Оралда тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Енді Орал тұрғындары Құрманғазы көшесі, 173/а мекенжайы бойынша орналасқан жаӊа Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті анықтамаларды алып, құжаттарын ресімдей алады. Жаӊа ХҚКО саны бойынша Оралдағы екінші болып табылады, бұған дейін қалада Жамбыл көшесі 81 бойынша тек бір Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Енді Орал тұрғындары Құрманғазы көшесі, 173/а мекенжайы бойынша орналасқан жаӊа Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті анықтамаларды алып, құжаттарын ресімдей алады. Жаӊа ХҚКО саны бойынша Оралдағы екінші болып табылады, бұған дейін қалада Жамбыл көшесі 81 бойынша тек бір Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ХҚКО" РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалыныӊ директоры Марат Бассаровтыӊ айтуы бойынша ескі ХҚКО-ға жүктеменіӊ артуына байланысты, екіншісін ашу қажеттігі туындаған. "Орал халқыныӊ саны 200 мыӊнан астам адамды құрайды. Ирине, әрбір азамат кемінде жылына бір рет қандай да бір құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Сондықтан ескі ХҚКО-ныӊ жүктемесін азайту үшін екіншісін іске қостық, мұнда қаланыӊ барлық тұрғындары жүгіне алады",- деп ол атап өтті.

Азаматтарға қолайлы болу үшін ХҚКО аумағында 50 автокөлікке арналған тұрақ, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін батырмасымен пандустар бар.

ХҚКО ішінде құжаттарды қабылдауға арналған 20 және дайын құжаттарды беруге арналған 4 жұмыс орны қарастырылған. Клиеттерге қызмет көрсету үшін 40 инспектор жұмылдырылған.

Күнделікті ХҚКО мыӊнан астам адамға қызмет көрсете алады. Қызметті алушылардыӊ ыӊғайлылығы үшін "Connection Point" өзін өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда баланы балабақшаға кезеккке қоюды, жеке кредиттік есепті алуды, мекенжай анықтамаларын беруді, зейнеткерлік аударымдар туралы анықтаманы, некені тіркеуге өтініш беруді қоса алғанда, барлық электрондық қызметтерді алуға болады.

Орал қаласыныӊ ХҚКО-сында өткен жыл ішінде 617 202 қызмет, оныӊ ішінде - 501 254 электрондық форматта көрсетілгендігін айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны