29.04.2016, 19:38 4795

Оралда жаӊа әскери кеме суға жіберілді

"Сарбаз" кемесі кәсіпорын үшін 24-ші және ол, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес Республикамыздыӊ ҰҚК Шекара қызметі үшін жасалған корабль болып табылады. Бұл корабль - бұдан бұрын Шекара қызметіне жеткізілген осы санаттыӊ бесінші кемесі

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін, "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ құрамындағы "Зенит" зауыты Орал қаласында "Сарбаз" кемесін суға жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сарбаз" кемесі кәсіпорын үшін 24-ші және ол, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес Республикамыздыӊ ҰҚК Шекара қызметі үшін жасалған корабль болып табылады. Бұл корабль - бұдан бұрын Шекара қызметіне жеткізілген осы санаттыӊ бесінші кемесі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Сарбаз" кемесі кәсіпорынныӊ сан жағынан 24-ші шығарылымы болып саналады және ол республиканыӊ ҰҚК Шекара қызметіне арнап мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес салынған. Бұл корабль - Шекара қызметіне арнайы жасалған осындай класстағы бесінші корабль.

Оныӊ айрықша ерекшелегі - шешілетін тапсырмалар аясын айтарлықтай ұлғайтатын заманауи артиллериялық құрылғымен, қашықтықтан басқаратын жауынгерлік модульмен, радиотехникалық қарумен жабдықталған.

Бұдан басқа суасты диверсиялық қауіп-қатерлерді, жауынгер жүзушілерді қоса анықтау және олармен күресу үшін құралдар қарастырылған. "Сарбаз" кемесініӊ жасалуы кезінде экипаждыӊ тұрмыстық жағдайына байланысты сипаттарын, кеменіӊ маневрлік және басқа сипаттарын жақсарту бойынша осындай кемелерді пайдаланушы әскери бөлімдердіӊ ұсыныстары ескерілген болатын.

"Сарбаз", оныӊ ізашарлары сияқты Қазақстанныӊ мемлекеттік шекарасына қарасты мемлекеттік аумақтыӊ суларын және құрлықтық қайраӊын күзетуді; заӊсыз кемелердіӊ жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заӊсыз балық аулау, заӊ бұзушы кемелерді ұстау және тексеруді бұлтартпау мақсатында торуылдауды қамтамасыз ету үшін жасалған.

Суға түсірілген соӊ кеме Орал өзені арқылы Каспийге, одан кейін зауыттық арқанмен байлау, жүру және қабылдау сынақтары жасалынып, тапсырыс берушіге жеткізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны