06.08.2008, 18:45 3392

Оралда жаңадан 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды

Оралда жаңадан 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды

Орал. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оралда қала халқының мемлекеттік мекемелермен, күш құрылымдарымен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыс орнатуына арналған 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды. Бұл туралы қалалық мәслихатта өткен жиналыста Орал қаласының әкімі Самидолла Оразов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Муниципалдық округтардың басты міндеті - халықты қаламызда болып жатқан барлық істердің қатысушысына және серіктесіне айналдыру. Бұл - абаттандыру, көгалдандыру, ауладағы проблемаларды шешу мәселелері", - деді С. Оразов.

Оның айтуынша, әр округта 15-17 мың адам тұратын болады. Бұл қала халқының шамамен 5 пайызын құрайды. Округтерге төрағалық ететін депутаттар тұрғындар үшін өзекті мәселелерді өз бақылауларында ұстап, мәслихат сессияларында көтеретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны