30.10.2015, 19:14 3816

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасына түскен оқушылар саны 50-ге жетті

Бүгін Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған №11 мектептіӊ оқушылары жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

Орал. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған №11 мектептіӊ оқушылары жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бастапқыда өзін жайсыз сезінген балалардыӊ саны 19 еді, қазір 50-ге жетті. Олардыӊ жүректері айнып, бастары ауырған. Алайда нақты қандай дертке шалдыққаны әлі анықталған жоқ. Ауруханаға түскендердіӊ барлығы мектептіӊ интернатында жатқан оқушылар. Облыс әкімініӊ баспасөз хатшысы Қайрат Ибуовтіӊ айтуынша, қазір балалардыӊ жағдайы қалыпты, бәріне медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Қайрат Ибуов, облыс әкімініӊ баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таӊда оқиға зерттеліп жатыр. Мамандар жұмыс істеуде. Энтеровирус инфекциясы деген күдік бар. Бірақ қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны