02.02.2015, 09:52 4068

Оралдан 30 шақырым жерде газ құбыры өртенуде

БҚО Зеленов ауданыныӊ Новенький және Ақжол кенттері арасында түнгі сағат үштіӊ шамасында газ құбыры өртенді

Орал. 2 ақпан. Kazakhstan Today - БҚО Зеленов ауданыныӊ Новенький және Ақжол кенттері арасында түнгі сағат үштіӊ шамасында газ құбыры өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Куәгерлердіӊ айтуынша, әуелі жарылыс сияқты дыбыс естілген. Бұдан кейін бірнеше метр биіктікке жалын көтерілген. Оттыӊ көлемі үлкен болғаны соншалық, оны қаладан да көруге болады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, бірнеше өрт сөндіретін машиналар келіп жетті. Отты сөндіретін техникалар келіп жатыр.

Бұл диаметрі 1200 миллиметрлік "Орынбор - Новопсков халықаралық газ құбыры екені анықталды, оныӊ иесі - "Орал-Орталық Азия" халықаралық газ құбыры басқармасы. Бұл туралы БҚО әкімініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт шамамен таӊғы сағат үштіӊ маында басталды, жедел штаб құрылды, төтенше жағдай жарияланды.

Бұл газ құбыры Зеленов ауданыныӊ 22 елді мекенін, Тасқала ауданын және Орал қаласын газбен жабдықтайды.

Таӊғы сағат 7:30-да газ құбырыныӊ екі жағы бітелгені хабарланды, енді өрттіӊ одан әрі таралуына қауіп жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны