19.06.2008, 12:43 3185

Оралдық саяхатшылар ескекті қайықпен Үнді мұхитын кесіп өтпекші

Оралдық саяхатшылар ескекті қайықпен Үнді мұхитын кесіп өтпекші

Орал. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оралдық саяхатшы - егіздер - Сергей және Александр Синельниктер "Русь" атты екі орынды ескекті қайықпен Үнді мұхитын кесіп өту үшін Австралияның Карнарвон айлағынан шықты. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне экспедиция жетекшісі Сергей Синельник хабарлады.

Ағалы-інілі Синельниктер "Ескекпен сұхит арқылы өту" атты жоба аясында Үнді мұхитын ескекті қайықпен кесіп өтуге бел байлаған. Бұған дейін әр ел спортшыларының Үнді мұхитын ескекті қайықпен кесіп өту талпынысы бір рет те орындалмапты.

С. Синельниктің хабарлауынша, жалпы қашықтығы 4500 теңіз миліне тең саяхат маршруты Австралия құрлығының батыс жағалауындағы Карнарвон айлағынан басталады, бірақ ақырғы нүктесі белгісіз, көп жағдай ағыстар мен күн райына байланысты болмақ.

"Біз шамамен үш айдан кейін Африканың маңындағы бір аралға жүзіп жетуді көздеп отырмыз. Мүмкін бұл Мадагаскар немесе Сейшел аралдары болуы мүмкін", - деді С. Синельник.

Сапарға шығар алдында Синельниктер борттағы барлық электр жабдықтарды ауыстырып, тұзды суды тұщытатын үш аппарат қойып, төрт айға есептелген сублимациялық тамақтардан қор жасады. Жағалаумен олар спутниктік телефон арқылы байланысады. Қайықтың жүрген жерін "Аргос" жүйесінің навигациялық жадықтарымен анықтау межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны