13.12.2010, 18:08 3806

Оралдың ГТЖ келесі жылдан бастап электр қуатын өндіре бастамақ

Оралдың ГТЖ келесі жылдан бастап электр қуатын өндіре бастамақ. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ даму институттарының жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма мүшесі - басқарушы директор Арман Қасенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Оралдың ГТЖ келесі жылдан бастап электр қуатын өндіре бастамақ. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ даму институттарының жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма мүшесі - басқарушы директор Арман Қасенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Егер Оралдық ГТЖ туралы айтатын болсақ, аталмыш жобаның құны 60 млн АҚШ доллары шамасында, ал қуаттылығы - 54 МВт. Және де ең басты айта кететін жәйт, БҚО артылып қалып жатқан газ электр қуатына ауыстырылады",- деді А. Қасенов.

"Электр қуаты біріншіден, стратегиялық тауар, екіншіден ол ресейлік импортқа тәуелді болып отырған БҚО үшін өзекті мәселе. Яғни, БҚО тұтынып отырған электр қуатының 25 пайызға жуығы Ресейден импортталады",- деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру Ресейге деген тәуелділігімізді төмендетіп, электр қуатының өз құнын арзандатуға мүмкіндік береді.

А. Қасенов сондай-ақ, Оралдың ГТЖ үстіміздегі жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілетіндігін атап өтті. "Яғни, келесі жылдан бастап электр қуатын өндіре бастайды",- деп нақтылап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны