12.09.2017, 14:04 3836

"Оралман" фильмі 15 қыркүйектен бастап прокатқа шығады

Режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ бұл фильмі 2017 жылдыӊ шілде айында XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде Гран-при жүлдесін жеӊіп алған. Сондай-ақ, 2017 жылдыӊ сәуірінде Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық "Фаджр" кинофестивалінде бұл көркем картина 12 елден қатысқан 15 толықметрлі көркем фильмніӊ ішінен топ жарып, үздік азиялық фильм атанған.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Еуразия" (Астана) және "Фаджр" (Тегеран) халықаралық кинофестивалдерініӊ жеӊімпазы - "Оралман" фильмі 15 қыркүйектен бастап жалпыұлттық прокатқа шығады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген бұл фильмде Ауғанстаннан туған жеріне қайтып оралған қазақ отбасыныӊ өмірі баяндалады. Фильмге еліміздіӊ танымал актерлары: Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева және басқа актерлар түскен.

Режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ бұл фильмі 2017 жылдыӊ шілде айында XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде Гран-при жүлдесін жеӊіп алған.

Сондай-ақ, 2017 жылдыӊ сәуірінде Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық "Фаджр" кинофестивалінде бұл көркем картина 12 елден қатысқан 15 толықметрлі көркем фильмніӊ ішінен топ жарып, үздік азиялық фильм атанған.

Фильмніӊ еліміздегі прокаты 14-ші қыркүйек күні Астанадағы "Сары-Арқа" кинотеатрындағы ресми премьерасынан кейін басталады. Сәйкесінше 15-ші қыркүйектен бастап төмендегі кинотеатрларда прокаты жүреді:

Алматы қ.

o Есентай ОСО "Кинопарк"

o Глобус ОСО "Кинопарк"

o Спутник ОСО "Кинопарк"

o Сары-Арқа ОСО "Кинопарк"

o LUMIERA кинотеатры

o Арман кинотеатры

Астана қ.:

o "Сары-Арқа" ОСО "Кинопарк"

o "Керуен" ОСО "Кинопарк"

Қарағанды қ.:

o "Саржайлау" кинотеатры

Шымкент қ.:

o "Мега" ОСО "Кинопарк"

Ақтөбе қ.:

"Ақтөбе" кинотеатры

Анықтамалық ақпарат:

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі: Негізі 1998 жылы қаланған Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі Орталық Азиядағы еӊ үлкен кинофорум болып табылады. Биылғы жылы фестиваль аясында барлық конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларға қатысқан толықметрлі және қысқаметрлі, авторлық және жанрлық фильмдердіӊ рекордтық көрсеткіші - 296 картина көрсетілді. Негізгі конкурстық бағдарламада 13 толықметрлі және қысқаметрлі фильмдер конкурсында 30 картина қатысты. Ал фестивальге 200 ден астам қонақ шақырылды. Олардыӊ қатарында Николас Кейдж, Эдриен Броуди және Джон Малкович бар.

Халықаралық "Фаджр" кинофестивалі - азиялық кино әлемінде айрықша орны бар айтулы мәдени оқиға. Фестиваль жыл сайын Иранда ислам революциясыныӊ жеӊіске жетуіне орай өткізіледі. Фестиваль алғаш рет 1982 өткізілген.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны