27.09.2018, 17:38 3439

"Оралман" фильмі "Тұлпар" киножүлдесініӊ алты аталымы бойынша жеӊімпаз атанды

"Тұлпар" жүлдесініӊ марапаттау рәсімі кеше, қыркүйектіӊ 19-нда Almaty Film Festival кинофестивалініӊ жабылу салтанатында өтті.

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Оралман" көркем фильмі ұлттық "Тұлпар" киножүлдесініӊ алты аталымы бойынша жеӊімпаз атанды.

"Тұлпар" жүлдесініӊ марапаттау рәсімі кеше, қыркүйектіӊ 19-нда Almaty Film Festival кинофестивалініӊ жабылу салтанатында өтті.

Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясыныӊ барлық мүшесі қатысқан жабық дауыс беру қорытындысы бойынша, "Оралман" картинасы үздік фильм болып танылды. Одан бөлек, фильмніӊ режиссері Сәбит Құрманбеков үздік режиссер, ал басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда үздік актер атанды. Сондай-ақ "Үздік сценарий" аталымы бойынша фильмніӊ сценарий авторлары Нұрлан Санжар мен Сәбит Құрманбеков марапатталды. "Үздік суретші" жүлдесі фильмніӊ қоюшы суретшісі Рустам Одинаевқа табысталса, "Үздік композитор" жүлдесі "Оралман" фильмініӊ музыкасын жазған Айдос Сағатовқа бұйырды.

Ал қалған жүлделер режиссер Ақан Сатаев түсірген "Она" фильміне табысталды. "Үздік актриса" номинациясында Айсұлу Изімбаева жеӊіске жетсе, "Үздік оператор" жүлдесімен Азамат Дулатов марапатталды.

Кинематография саласындағы ұлттық "Тұлпар" жүлдесін отандық кинематографты қолдау, мәдени ерекшелікті және ұлттық киноиндустрия негізін сақтау, жергілікті және халықаралық жұртшылық арасында қазақстандық үздік жұмыстарды насихаттау мақсатында құрылған болатын. Аталмыш жүлде кинематографияныӊ және отандық киноныӊ дамуына көрнекті үлес қосқан жетістіктері үшін берілетін кәсіби марапат болып табылады.

Биыл "Тұлпар" жүлдесінде 2017 жылдыӊ 1 қазаны мен үстіміздегі жылдыӊ 30 қыркүйегі аралығында көрермен назарына ұсынылған немесе прокатқа шығуға жоспарланған қазақстандық көркем, деректі және анимациялық фильмдер іріктеуден өтті.

Естеріӊізге сала кетсек, "Оралман" фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соӊ Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.

Аталған кинотуынды Иранныӊ астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалініӊ Бас жүлдесін жеӊіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде "Үздік ер адам рөлі" жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, картина Италияда өткен ХХ Халықаралық "Religion Today" кинофестивалінде "Үздік фильм" номинациясында жеӊіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесін иемденді. Одан бөлек, Германияда өткен 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінде "Оралман" фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды. Ақпан айында аталған кинотуынды Непалда өткен 22-ші халықаралық кинофестивальде "Шетелдіӊ үздік фильмі" жүлдесін иемденген болатын. Үстіміздегі жылы сәуір айында "Оралман" фильмі Бішкекте өткен "Ақ Ілбіріс" ұлттық киножүлдесініӊ екі марапатына қол жеткізді. Фильм "Орталық Азияныӊ үздік фильмі" жүлдесімен, ал картинада басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда "Орталық Азияныӊ үздік актері" жүлдесімен марапатталды.

"Оралман"

Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны