22.07.2008, 11:11 1788

Оралмандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және жұмыспен қамтуды қарқындандыра түсу керек - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Оралмандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және жұмыспен қамтуды қарқындандыра түсу керек - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астана. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға келіп жатқан оралмандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және жұмыспен қамту шараларын қарқындандыра түсу керек деп есептейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, республикалық селекторлық кеңесте сөйлеген сөзінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев оралмандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды қарқындандыра түсу қажеттігін атап көрсеткен.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта 249 елді мекенде 84 600 отбасы немесе барлық келген оралмандардың 48,4 пайызы тығыз (50 жанұядан астам) орналасқан. "Министрлік оралмандардың қоғамдық бірлестіктерімен және әкімдіктермен бірлесе отырып мемлекет ұсынған жерде ұйысқан ауылдарды салу қағидасын жүзеге асыруды жалғастырады", - деп сендірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, аталмыш қағида бойынша "Ақ ордасы" корпорациясы" ЖШС Өзбекстан Республикасынан Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына қазақ диаспорасының өкілдері болып табылатын 19 мың адамды көшіріп әкелу жобасын жүзеге асыруда. Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында жергілікті бюджет қаражаты есебінен оралмандарға арналған екі пәтерлі 40 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 170 үй салынуда. Көкшетау қаласында оралмандар құрған "Атамекен" тұрғын үй - құрылыс кооперативі өз бетімен қала әкімдігі бөлген 1 гектар аумақта тұрғын үйлер салуды жоспарлап отыр. Оралмандардың "Асар" қоғамдық бірлестігі Алматы қаласының Байбесік ықшамауданында 185 үй салу жобасын іске асырған. Бұл ықшамаудан 27 гектар аумақты қамтыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны