02.04.2012, 15:27 3478

Орбакайте тағы бір мәрте ана болды

Танымал әнші, Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачеваның қызы Кристина Орбакайте жаңа туған қызы Клаудияның (Клавдия) алғашқы фотосын жариялаған.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Орбакайте тағы бір мәрте ана болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, танымал әнші, Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачеваның қызы Кристина Орбакайте жаңа туған қызы Клаудияның (Клавдия) алғашқы фотосын жариялаған.

"Кристина қуанышымен бөлісуді жөн санап, жаңа туған қызын қолына алған қуанышты әкесі әрі өзінің күйеуі Михаила Земцовтың фотосуретін желіге салып қойыпты", - деп жазады МузРинг.

Естеріңізге сала кетейік, әнші өткен сенбі, 31 наурызда, Мәскеу уақыты бойынша сағат таңғы 4-те үшінші рет ана атанды. Кішкентай нәрестенің салмағы 3739 грамм, бойы 56 см.

Кристина қызының туғандығы жайлы өзінің Твиттердегі шағын блогында хабарлады. Кейбір дерек көздерінің мәліметтерінше, жақын арада Орбакайте перзентханадан шығады, алайда отанына оралуға көп балалы ана асықпайтын сияқты. Ол Ресейге жазда оралатындығын айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны