26.09.2016, 10:09 4004

Ордабасы ауданында "Еӊбек күні" мерекесіне орай ардагерлер күш сынасты

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Еӊбек күні" мерекесіне орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында ардагерлер бас қосып, күш сынасты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Еӊбек күні" мерекесіне орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында ардагерлер бас қосып, күш сынасты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ир ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттыӊ арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты.

Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жасар И.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеӊімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердіӊ күші анық байқалды.

Сайыстыӊ қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеӊіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.

Жеӊімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлық табыстады. Сонымен қатар, аптаныӊ әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді.

Айта кеткен жөн, биыл Еӊбек мерекесін атап өту жыл бойына тойланып, облыста түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылуда.

биылғы мереке бір күнмен ғана шектелмепті. Жыл басынан бері облыстыӊ қала мен аудандарында "Еӊбек" акциялары, сенбіліктер, "Сеніӊ мамандық таӊдауыӊ" ашық сабақтары мен "Еӊбек - баршаға" тақырыбымен бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкелері де өткізіліпті. Сондай-ақ, мүгелдектер мен қарттарға бір күндік еӊбек ақысын аудару бойынша "Қайырымды еӊбек" шарасы да ұйымдастырылған.

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтыӊ жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айыныӊ соӊғы жексенбісі - "Еӊбек күні" мерекесі болып белгіленген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде. Бүгінде облыста Социалистік Еӊбек Ері - 9 адам, Қазақстанныӊ Еӊбек Ері - 1 адам тұрады.

Қазақстанда 2014 жылы алғаш рет "Еӊбек күні" мерекесі аталып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны