10.11.2016, 11:15 3840

Ордабасы ауданыныӊ жастары арасында "Тәуелсіз елдіӊ ұланымыз!" атты суретшілер байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданы жастары арасында "Тәуелсіз елдіӊ ұланымыз!" суретшілер байқауы өтті, - деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданы жастары арасында "Тәуелсіз елдіӊ ұланымыз!" суретшілер байқауы өтті, - деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

14 пен 29 жас аралығындағы өнерлі өрендер еліміздіӊ егемендігін қағаз бетінде бейнелеп, көпшіліктіӊ назарына ұсынды.

38 үміткер өз туындысын бәйгеге қосып, қазылар алқасыныӊ төрелігіне жүгінді.

Байқау нәтижесінде "Батсу" негізгі орта мектебініӊ оқушысы Н.Жақсылықова бас жүлдені иеленіп, "Кәусар" гимназиясынан Қ.Ерболатұлы - І, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Д.Нұртаев - ІІ, Амангелді жалпы орта мектебінен Ж.Сайлаубек ІІІ орынды өзара бөлісті.

Аудандық Жастар орталығыныӊ директоры М.Сайлыбаев байқауға қатысушыларға ерекше ризашылығын білдірді. Қазақстанныӊ Тәуелсіздігі - баға жетпес байлығы екенін айта келе, жастарды жақсылыққа үндеді. Жүлдегерлерге аудан әкімініӊ Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында:

"Кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздіӊ тірегісіӊдер.

Біздіӊ бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.

Сендер тәуелсіз Қазақ елініӊ перзенттерісіӊдер.

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыӊдар.

Сендердіӊ азат ойларыӊ мен кемел білімдеріӊ - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тыӊ мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласыныӊ мәӊгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еӊбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіӊіруге шақырамын.

Мен 21-ғасыр Қазақстанныӊ "алтын ғасыры" боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктіӊ, тұрақтылық пен гүлденудіӊ ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтыӊ иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз",-деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны