Система Orphus

Қордай ауданында зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіледі,

10.02.2020, 18:52 2755

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қордай ауданында зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды.

Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиға орнында Үкіметтік комиссия жұмыс істеуде.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына шұғыл түрде мамандар тобы және шұғыл медициналық көмек бригадалары жіберілді. 100-ден астам медицина қызметкері мен 36 санитарлық көлік, оның ішінде 2 санитарлық авиация тікұшағы тартылды.

10 ақпандағы мәліметке сәйкес, жаппай жанжал салдарынан 178 адам зардап шекті, 10 адам қаза тапты (8 - оқиға орнында, ауыр жарақат алған 2 адам ауруханада).

Медициналық көмекке 170 адам жүгінді. Өтініш білдіргендердің: 117-сіне амбулаторлық көмек - (102 - ҚР, 15 Қырғыз Республикасында); 53 адамға стационарлық көмек - (43 - ҚР, 10 - Қырғыз Республикасында) көрсетілді.

10.02.2020 жылғы сағат 12.00 жағдай бойынша стационарлық емделуде 41 науқас: Алматы қаласының стационарларында - 25; Жамбыл облысында - 14; Қырғыз Республикасының стационарларында - 2. Оның ішінде: реанимацияда 9 пациент, бейінді бөлімшелерде -түрлі жарақат алған 32 пациент бар. 17 науқасқа ота жасалды.

Айта кету керек, бүгін, яғни, 10 ақпанда Қордайдағы аудандық орталық ауруханада 1 пациентті және Қырғыз Республикасынан 2 пациентті Алматы қаласында тасымалдауға дайындық жүргізілуде.

Пациенттерге медициналық көмектің барлық түрі мен көлемі ТМККК шеңберінде тегін көрсетілетінін атап өту қажет.

Қазір науқастар мамандардың бақылауында және қажетті ем алуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны