19.02.2020, 18:39 7411

"Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде.

Осыған байланысты, жаңартудың аяқталуына дейін Мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00 бастап 24.00 дейінгі кезеңде жаяу тәртіппен өткізілетін болады.

Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақстан - қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады:

- халықаралық: "Қарасу" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Ақ-Тілек" автожолдық (Қырғыз Республикасы); "Сыпатай Батыр" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чалдыбар" автожолдық (Қырғыз Республикасы); "Айша-Бибі" - автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чон-Капка" - автожолдық (Қырғыз Республикасы); "Кеген" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каркыра" автожолдық (Қырғыз Республикасы); "Мерке" темір жолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каинды" темір жолдық (Қырғыз Республикасы);

- екі жақты: "Сартөбе" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Токмок" автожолдық (Қырғыз Республикасы); "Аухатты" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Кен-Булун" автожолдық (Қырғыз Республикасы).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны