24.03.2019, 22:47 10539

Қордайлық шекарашылар елімізге 15 жабайы мысық, 25 кірпі, 10 кролик және 3 пони алып келе жатқан қазақстандықты ұстады

Жануарлар Жамбыл облысының малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қордайлық шекарашылар "Қарасу" көліктік бақылау пунктінде "Форт Транзит" автокөлігімен елімізге ешқандай құжатсыз 15 жабайы мысық, 25 кірпі, 10 кролик және 3 пони алып келе жатқан 31 жастағы қазақстандықты ұстады. Жануарлар Жамбыл облысының малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.

Қазақстандық шекарашылар 2019 жылдың 23 наурызында:

- Қостанай шекара отрядының "Қайрақ-авто" бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға келе жатқан 45 жастағы РФ азаматының жекеменшік "Вольво" автокөлігінен "Гроза-041" травматикалық тапаншасын және оның оқ-дәрілерін тапты. Ұсталған азамат қару-жарағымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

"Мерке" тексеріп-өткізу пунктінің "Айша Бибі-авто" бөлімшесінде 100 литрден астам дизель отынын, Қордайда 500 литр АИ-92 бензинін елден заңсыз шығармақ болған 4 қырғыз азаматын ұстады.

"Сыпатай батыр" өткізу пунктінде көрші елден жаяу келе жатқан 27 жастағы қазақстандықтың қол жүгінен әртүрлі маркалы 2 460 пачка темекі өнімдерін тауып, актілеп, Мерке ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырды.

Сарыағаш шекара отрядының "Б.Қонысбаев" бөлімшесінде Қазақстанға келе жатқан 31 жастағы Өзбекстан азаматының "Daewoo lacceti" автокөлігінің жүксалғышынан 70 кг насыбай өнімін тауып, кеденшілерге тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны