18.01.2007, 11:03 1810

Орынборда қазақ халқы үшін тарихи ескерткіш болып табылатын ғимараттарда ескерткіш тақталар орнатылады

АЛМАТЫ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Орынборда қазақ халқы үшін тарихи ескерткіш болып табылатын ғимараттарда ескерткіш тақталар орнатылады. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл бірінші жалпықазақ сьезінің өткізілуіне 90 жыл толады. Ол 1917-жылғы шілдеде Орынборда өткен. Орынборда бірінші және екінші жалпықазақ сьезі өткен ғимарат сақталып қалған. Бұл сьездерде "Алаш" партиясы құрылып, қазақтардың "Алаш Орда" ұлттық автономиясы жарияланды",- деді Э.Қонаев. Сондай-ақ, тарихшы Қамбар Атабаевтың айтуынша, Орынборда 1913-1918-жылдары "Қазақ" газетінің редакциясы орналасқан және оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов тұрған ғимарат сақталып қалған.

Ескерткіш тақталар орнату шарасын өткізуге бастама көтергендер арасында "Ел болашағы" республикалық қозғалысы, әлі тіркеле қоймаған оңшылцентристік "Атамекен" партиясы мен Д.Қонаев атындағы халықаралық қор бар. Қ.Атабаевтың айтуынша, Орынбор басшылығы бұл бастаманы қолдаған. "Біз аталмыш ғимараттардың қазақ халқы үшін тарихи ескерткіштер болып табылатынын дәлелдейтін анықтамалар дайындадық",- деді ол.

Қ.Атабаевтың айтуынша, қазір бір ғимаратта кеңселер орналасса, екіншісі - алты отбасы тұратын тұрғын үй.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар аталмыш ғимараттардың базасында Қазақстанның саяси ойының мұражайын құру мақсатымен ҚР үкіметінің меншігіне сатып алу мүмкіндігін қарау жөніндегі өтінішпен президенттің атына мәлімдеме жолдағанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны