12.06.2006, 15:20 2990

Өрт қаупі артатын маусымның басынан бері “Семей орманы” резерватының аумағында 97 өрт шыққан

СЕМЕЙ. 12-маусым. Kazakhstan Today. Өрт қаупі артатын маусымның басынан бері “Семей орманы” резерватының аумағында 97 өрт шыққан. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне “Семей орманы” резерватының орман қорғау жөніндегі инженері Виктор Синичкин хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі көрсеткіштер былтырғыдан екі есе артып отыр. Бүгінде өңірде орманды аймақта және онымен жапарлас жатқан аймақта өртке жол бермеуге бағытталған жұмыстар күшейтілуде. Өрттің басым бөлігі абайсыздық салдарынан , 19 өрт нажағай салдарын шыққан. Өрттің басым бөлігі “Семей орманы” резерватының филиалында шыққан, онда 35 өрт тіркелді.

Сонымен бірге заңсыз ағаш кесу көрінісі үш есе азайды. 2006-жылдың басынан бері осындай 41 жағдай тіркелді. Ал былтыр осы уақытта заңсыз ағаш кесу дерегі 99 мәрте тіркелген болатын.

Қазір орманды қалпына келтіру жұмыстары да жалғасуда. Осы мақсатпен алты филиалда тұқымбақтар құрылды. 2005-жылы 9,5 гектарға көшеттер, 893 гектарға жас қайыңдар отырғызылды. Биыл тұқымбақтардың 10 гектарына ағаш егілді. Жалпы алғанда 1300 гектарға ағаш егілді.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны