23.05.2008, 17:18 2946

Өрт қаупі ұлғаятын маусым басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 58 дала өрті тіркелген

Өрт қаупі ұлғаятын маусым басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 58 дала өрті тіркелген

Өскемен. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өрт қаупі ұлғаятын маусым басталғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында 58 дала өрті тіркелген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Екі айдың ішінде Шығыс Қазақстан облысында дала өрттерінің саны ақылға сыймайтын мөлшерге жетті. Өртеніп жатқан аумақ 10 есе ұлғайып, 11 мың гектар аумақты жалмады", - деген ақпарат ұсынды Өрт сөндіру қызметі департаменті.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бүгінгі таңда дала өрттерінің саны бойынша Бесқарағай, Зайсан, Күршім және Көкпекті аудандары алда келеді. Ірі өрттерді болдырмау үшін өрт сөндірушілер жергілікті билікпен және шаруа қожалықтарымен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, тактикалық жаттығулар өткізуде. Оның мақсаты қатынастарды ретке келтіру және өрт ошақтарын жедел сөндіру болып табылады.

Сол арада Өскемен аумағында осы уақыт ішінде 166 өрт тіркелген. 17 адам қайтыс болған. Шығын 8 млн теңгеден асып кеткен. Өрт себептері көбінесе электр қондырғылары мен жылыту пештерін пайдалану және орнату ережелерінің бұзылуынан туындап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны