15.10.2018, 14:30 5042

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді

Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соӊ Түркістанда бой көтеретін жаӊа ғимараттар мен Қ.А.Яссауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты.

Түркістан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдыӊ соӊында тұрғызылған Қ.А.Яссауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзініӊ берік қамалымен мәшһүр болған Сауран қаласына ат басын бұрды. Ондағы қала тарихы мен шаһардыӊ құрылымы жайлы ақпар алды. Кездесу барысында Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев әлем ғалымдары қызығып отырған ескі Сауран қаласы болашақта барлық туристер келіп тамашалайтын мекенге айналатынын айтты. Сондай-ақ, Түркістан облысына келетін қонақтарға арнайы туристік бағыттар құрылып, сервистік қызметтер жанданатынын жеткізді.

Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соӊ Түркістанда бой көтеретін жаӊа ғимараттар мен Қ.А.Яссауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты.

Сапар соӊында шетелдік қонақтар тарих пен қасиетке бай Түркістанныӊ туристер ошағына айналатына сенім білдірді. Сонымен қатар, туристерді тарту үшін насихатты көбейтіп, тарихи нысандардағы ақпараттық жүйелер күшейтілсе, өӊірге келетін қонақтар саны артатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны