07.08.2008, 17:16 3171

Орта Азиядағы судың жетіспеушілігі елдер арасындағы қатынасты барған сайын шиеленістіруде - газет

Орта Азиядағы судың жетіспеушілігі елдер арасындағы қатынасты барған сайын шиеленістіруде - газет

Бішкек. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орта Азиядағы судың жетіспеушілігі елдер арасындағы қатынастарды барған сайын шиеленістіруде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Беларуссияның Іскерлік газетіне" сілтеме жасай отырып.

Басылымның хабарлауынша, Орта Азия жаһандық ауа-райының өзгерістерінен, оның ішінде, жауын-шашынның азаюынан зардап шеккен сайын өңірдегі су жетіспеушілігі елдер арасындағы қатынастарды одан әрі шиеленістіруде. Осы мәселе шілде айының соңында Душанбе қаласында болған Шанхай ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің кездесуінде басты назарда болды.

"Орта Азиядағы әрбір мемлекеттің суды пайдалануға қатысты өз жоспарлары бар. Онда қалғандарының қажеттіліктері әрқашан ескеріле бермейді. Мұнай мен газдың кең қорына ие болмағандықтан Қырғызстан мен Тәжікстан көршілеріне қарағанда өңірдегі ең кішкентай және кедей мемлекеттер болып табылады. Олар үшін жалғыз қуат көзі олар арқылы Өзбекстанға әрі қарай Қазақстанға ағатын Сырдария өзені болып отыр. Сондықтан, осы екі ел де қыс кезінде электр қуатын өндіру үшін жазда өз су қоймаларында су қорын сақтайды", - деп жазады газет.

"Бұл мәселемен ШЫҰ айналысуға мәжбүр болғаны оның маңыздылығының айғағы. Жағдай осылайша шиеленісе беретін болса, ШЫҰ көздеген кең көлемдегі экспансиялық жоспарларын жүзеге асырудан бас тартып, одан гөрі жағымсыздау болатын өз мүшелерін татуластыру ісімен айналысуы ғажап емес", - деп есептейді Беларусь басылымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны