28.10.2018, 14:14 4559

Орталық Азия және Оӊтүстік Кавказ қосалқы аймағында ана мен баланыӊ тамақтануын жақсартуға септесу туралы Өзара түсіністік меморандумы жасалды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы атынан Меморандумға мекеме директоры Уалихан Ахметов, ЮНИСЕФ атынан Еуропа және Орталық Азия бойынша Өӊірлік директор Афшан Хан қол қойды.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - АМСК жөніндегі Алматы декларациясыныӊ 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция шеӊберінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасында Тамақтану саласындағы серіктестік және әлеуетті өсіру бойынша өӊірлік тұғырнаманы қалыптастыру және енгізу арқылы Орталық Азия және Оӊтүстік Кавказ қосалқы аймағында ана мен баланыӊ тамақтануын жақсартуға септесу туралы Өзара түсіністік меморандумы жасалды.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы атынан Меморандумға мекеме директоры Уалихан Ахметов, ЮНИСЕФ атынан Еуропа және Орталық Азия бойынша Өӊірлік директор Афшан Хан қол қойды.

Меморандум жасаудағы мақсат - Орталық Азия және Оӊтүстік Кавказ қосалқы аймағында ана мен баланыӊ тамақтануын жақсартуға септесу.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Уалихан Ахметов қоғамдық денсаулықты оӊтайлы тамақтанусыз сақтау және нығайту мүмкін емес екенін атап өтті. "Біздіӊ орталық Орталық Азия және Кавказ елдерінде серіктестік және әлеуетті өсіру бойынша өӊірлік тұғырнаманы іске қосуды қолдайды. Бүгінгі таӊда Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердіӊ денсаулығын қамтамасыз етуге, негізгі жұқпалы емес аурулардыӊ алдын алуға, дұрыс тамақтануға, тұзды, трансмайларды және т.с.с. тұтынуды азайту бойынша заӊнамалық бастамалар ұйымдастыруға бағытталған шаралар қолданылып жатыр.Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы үшін Өӊірлік тұғырнама жұмысыныӊ алғашқы жылы оныӊ хатшылығына бірінші болып басшылық ету мүмкіндігі айтулы оқиға болып табылады. Ал біз болсақ, Орталық Азия және Кавказ елдерімен қоғамдық денсаулық сақтау және тамақтану саласында серіктестікті нығайту үшін қолымыздан келгенніӊ барлығын жасаймыз", - деді ол.

(Бүгін мен Қазақстан Үкіметініӊ басшылығымен және Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы 7 елдіӊ белсенді қатысуымен бірге, Нидерланды Үкіметініӊ қолдауымен және ЮНИСЕФ мен басқа да агенттіктердіӊ катализатор ретінде әрекет етуініӊ арқасында "Тамақтану саласында өӊірлік әлеуетті және серіктестікті дамыту тұғырнамасы" атты ғаламат шекарааралық бастамасын жүзеге асыратынымызды көруге қуаныштымын. Аталмыш тұғырнама - бірлескен және мемлекетаралық жұмыстыӊ керемет үлгісі, осы өӊірдегі 8 мемлекет тамақтану жүйесі және басқару блоктары саласындағы әлеуетті жүйелі дамытудыӊ пайдасын көретін болады. Нәтижесінде өӊірдегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы тойып тамақтанбаудыӊ қосарлы ауыртпалығымен күресте әрі қарай да нәтиже шығару жылдамдай түседі", - деп атап өтті Афшан Хан, Еуропа және Орталық АЗия бойынша Өӊірлік директор.

Тараптар арасындағы сеірктестік ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметі 22 маусым 2015 жылы қол қойған Даму мақсаттарындағы шектік серіктестік бағдарламасыныӊ шарттарымен реттелетін болады.

Меморандумтараптар қол қойған сәттен бастап күшіне еніп, 31 желтоқсан 2020 жылға дейін күшін сақтайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны