03.07.2007, 15:01 2673

Орталық Азиялық "Еуразия" қоры жұртшылықты бюджеттік процеске тартуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруда

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Орталық Азиялық "Еуразия" қоры жұртшылықты бюджеттік процеске тартуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Орталық Азиялық "Еуразия" қорының бас бағдарламалық маманы Айнұр Нұртай құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан азаматтарын бюджеттік процеске қатыстыруға, барлық деңгейлі мемлекеттік бюджеттерді қалыптастыру барысына, талқылауға, қабылдау мен жүзеге асыруға атсалыстыру", - деді А. Нұртай.

"Бұл бастама өте жемісті, өйткені ол билік пен халық арасындағы ынтымақтастыққа, ойдағыдай шешімдерді қабылдауға көмектеседі", - деді өз кезегінде Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұлыбритания елшісі Пол Браммел. "Жергілікті билік үшін бейресми ұйымдар аса маңызды ақпарат көзі, үкіметтік емес ұйымдар билікке адамдардың не ойлап, нені қалайтынынан хабардар болуға қолғабысын тигізе алады. Соныдақтан да бұл бастама екі жақ үшін де аса жемісті", - деді ол.

Баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, 35 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантты бес бейресми ұйым алатын болды. Олардың арасында "Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы" қоғамдық бірлестігі (Атырау), "Білім және даму" қоғамдық бірлестігі (Қарағанды), жоғары білімі бар мүгедектердің "Намыс" қоғамдық бірлестігі (Алматы), Петропавл аймақтық пәтер иелерінің тұтынушылары кооперативтерінің қауымдастығы, ҚР Бастамашыл мектептердің қауымдастығы (Талдықорған) бар.

Гранттарды Ұлыбритания мен Норвегия үкіметтері қаржыландырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны