16.04.2008, 19:38 3478

Орталық Азияның климаттық өзгерулері Душанбеде талқыланады

Орталық Азияның климаттық өзгерулері Душанбеде талқыланады

Хорог. 16 сәуір. "Қазақстан-Бүгін" - "Орталық Азияның климаттық өзгерулері-кеше, бүгін және ертең" атты халықаралық симпозиумы биылғы жылдың тамыз айында Ташкент - Хорог - Душанбе ерекше жол бағытымен өтетін болады, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс"АА сүйене отырып.

"Азия-Плюс"ақпарат агенттігінің ақпараты бойынша "симпозиум советтік-герман-памирлік геологиялық-географиялық экспедициясының 80 жылдығына арналады ".

« Памир-Алтай және Тань-Шань тау жүйесін зерттеген экспедициясы Орталық Азияның геологиялық-географиясының нақты картасын жасаған. Жоғары технологиялық сандық құрал жабдықтармен жұмыс істейтін бүгінгі зерттеушілер бұл экспедицияның таулардың, өзендер мен көлдердің, мұздықтардың, олардың көлемі мен биіктігін сол кезде нақты дәл анықтағандығына таң қалды», - деді Памирлік биологилық институтының директоры Огонозар Акназаров.

Агенттіктің ақпараты бойынша, " әлем бойынша және жеке аймақтардың климатын анықтауда маңызды роль атқаратын Памирге ұқсас 200 ге тарта экологиялық тау жүйесі бар ". "Осы мәселе өткізілетін симпозиумда талқыланатын болады ", - деп хабарлайды "Азия-Плюс".

"Азия-Плюс"агенттігінің мәліметтері бойынша " ТР ғылым Академиясы симпозиумды Тәжікстандағы Германияның және Өзбекстанның елшіліктерімен және ФРГ екі университетімен бірлесе отырып өткізуді жоспарлап отыр".

"Шара Ташкентте 16 тамызда басталып, содан кейін қатысушылар севет-герман- Памир эксмпедициясы бағытымен Қырғызстанның Ош қаласының Мұрғаб ауданына барады. Онда таудың ішінде жатқан Қаракөл көлі маңындағы ауа райымен танысып, олар өздерінің жұмыстарын Хорош ботаникалық бағында жалғастырады. Симпозиумның жұмысы Душанбеде ТР ғылым академиясында аяқтады ", -деді О. Ақназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны