21.06.2007, 16:23 2927

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс мәжіліс сайлауын өткізу жөніндегі негізгі шаралар жоспарын бекітті

АСТАНА. 21 - маусым. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі негізгі шаралар жоспарын бекітті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында оның басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

"Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің партиялық тізім бойынша өткізілетін кезектен тыс сайлауы 18-тамызға, ал Қазақстан халқы ассамблеясынан сайлау - 20-тамызға белгіленді",- деп еске сала кетті Қуандық Тұрғанқұлов. Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну үстіміздегі жылдың 22-маусымы мен 11-шілдесі аралығында өтетіндігін атап өтті. "Дәл осы күндері партиялық құрылтай өтуге тиіс, кейбір партияларда кандидаттардың тізімін жасау керек",- деп атап өтті ол.

22-шілде мен 17-шілде арасында партиялық тізімді тіркеу жүргізіледі. "Сайлау алдындағы насихат жұмыстары үстіміздегі жылдың 18-шілдеде басталып 16-тамыз күні 24 сағатта аяқталады, яғни сайлау күніне бір тәулік қалғанда",- деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 4-тамызда басталып, 9-тамызда аяқталады. "Оларды тіркеу 9-тамыздан 14-тамызға дейін жүреді, сайлау алдындағы нәсихаттау 15-тамызда басталып 18-тамыз күні 24 сағатта, бұл да сайлауға бір тәулік қалғанда аяқталады",- деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Сонымен қатар, ол Орталық сайлау комиссиясы бүгін Қазақстанның мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі шаралар жоспарын бекіткендігін хабарлады. Ол мәслихат депутаттарын сайлау күні "мәжіліс депутаттарын сайлау күнімен тұспа-тұс келетіндігін" еске сала кетті. "Бұл сайлауларға кететін шығында айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, себебі мәслихат депутаттарының өкілеттілігі енді бес жылға созылады, демек, бұдан былай парламент мәжілісінің сайлауы мерзіміне қарай мәслихат сайлауымен толық орайлас келеді, бұл сайлаушылар үшін біртұтас сайлау циклін белгілеуге мүмкіндік береді",- деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну үстіміздегі жылдың 22-маусымында басталып, сайлауға бір ай қалғанда 17-шілдеде аяқталады. "Кандидаттарды тіркеу 22-маусымда басталып, 23-шілдеде аяқталады, ал сайлау алдындағы насихат жұмыстары 24-шілдеді басталып, 2007 жылдың 16-тамызының 24 сағатына дейін жалғасады",- деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны