16.03.2018, 22:21 3700

Орталық сайлау комиссиясы мүгедектердіӊ сайлау құқықтарын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөӊгелек үстел өткізді

Сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ сайлау процесстеріне толыққанды қатысуларын қамтамасыз етуі тиіс

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисімен бірге "Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе" атты дөӊгелек үстел өткізді.

Дөӊгелек үстелді өткізудіӊ басты мақсаты сайлау және референдум кезінде Қазақстан Республикасындағы мүгедек санатындағы азаматтардыӊ сайлау құқықтарыныӊ жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ сайлау құқықтарын жүзеге асырудыӊ жаӊа мүмкіндіктері мен тәжірибелерін қарастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Б. Имашев Қазақстан Республикасы Коснтитуциясы бойынша әрбір азаматқа сайлау және сайлану құқығына кепілдік берілетінін атап өтті. Сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ сайлау процесстеріне толыққанды қатысуларын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Б.Имашев Орталық сайлау комиссиясымен мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ құқытарыныӊ сақталу стандартына сәйкес сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін арнайы жағдайлар жасау мақсатымен қызғушылық танытқан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға методикалық, үйлестіруші көмек көрсетуге іс-шаралар жиынтығыныӊ жүзеге асырылатынын айтты.

Іс-шарада сондай-ақ ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі басшысы Д. Сабо, ҚР Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен, ҚР еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" РҚБ президенті Ж.Омарбекова. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ныӊ сайлау мәселелері бойынша сарапшысы П.Кабаченко, "Мүгедек әйелдердіӊ "Шырақ" ассоцияциясы" ҚБ-ніӊ төрайымы Л.Қалтаева сөз сөйледі.

Дөӊгелек үстел барысында мүгедектердіӊ сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы жаӊа мүмкіндіктері, оныӊ ішінде сайлау учаскелерін және ғимараттарын жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ құқықтары сақталуы бойынша стандарттарға сәйкес кедергісіз жағдайдыӊ жасалу шаралары талқыланды.

Сондай-ақ, дөӊгелек үстел жұмысына ҚР ОСК мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрлігініӊ, орталық және жергілікті атқарушы органдардыӊ, облыстық, Астана және Алматы қалаларыныӊ аумақтық сайлау комисссияларыныӊ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтыӊ, халықаралық ұйымдардыӊ, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардыӊ, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерініӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны