22.06.2007, 15:59 2831

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға келушілер саны көп болады деп санайды

АСТАНА. 22 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы алдағы тамызда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына келетін сайлаушылардың саны көп болады деп санауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Болжау - рақымсыз іс... бірақ келетін сайлаушылардың саны көп болады деп күтудеміз",- деді кеше журналистердің сұрағына жауап бере отырып Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

"Бұдан былай әкімдер мәслихаттардың келісімімен тағайындатын және орнынан алынатын болуы себепті бұдан былай мәслихаттарға деген қызығушылық ұлғаяды", - деп ол өз ойын білдірді. "Ал мәжіліс депутаттарына деген біздің қызығушылығымыз атүсті емес", - деді сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, парламент мәжілісіне кезектен тыс сайлау мен кезекті мәслихат сайлаулары 2007 жылдың тамыз айының 18-ші жұлдызына белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны