18.06.2007, 13:13 3204

Орталық сайлау комиссиясының пайымдауынша, мәжілістің өз еркімен тарауға құқығы жоқ, мұндай шешімді тек мемлекет басшысы ғана қабылдай алады

АСТАНА. 18-маусым.Kazakhstan Today. Мәжілістің өз еркімен тарауға құқығы жоқ, мұндай шешімді тек мемлекет басшысы ғана қабылдай алады. Бүгін Конституциялық кеңестің отырысы барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясының пайымдауынша, парламент мәжілісінің өз еркімен тарауға құқығы жоқ",- деді В.Фоос. "Өз еркімен тарау мүмкіндігі Конституцияда қарастырылған, бірақ ол иек мәслихат депутаттарына қатысты. Демек, біздің пайымдауымызша, мәжіліс депутаттары өз бетімен мұндай шешім қабылдай алмайды",- деді ол. "Мұндай құқыққа тек президент қана ие",- деді ол.

"Бірақ біздің пайымдауымызша, депутаттар осындай өтінішпен ел президентіне шыға алады. Олар осындай жолмен депутаттық өкілеттілігінен бас тартқан жағдайда, шешім қабылдауға қажетті кворум болмауға байланысты парламент мәжілісі заңсыз органға айналады. Онда президент мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім қабылдауға құқылы",- деді В.Фоос.

Бас прокуратура да осындай ұстанымда. "Конституцияға сәйкес, парламент депутаттарының өкілеттілігі отставкаға кеткен жағдайда, депутаттар әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, парламент таратылған жағдайда және Конституцияда қарастырылған басқа да жағдайларда аяқталады",- деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев. "Атап айтсақ, депутаттар отствакаға кету жөнінде өтініш бере алады және Орталық сайлау комиссиясына тиісті таныстыру енгізілген жағдайда палатаның отырысында басым дауыспен палата депутаттарының отставкасын қабылдауға болады",- деді ол.

"Сөйтіп, депутаттар отсавкаға кеткен жағдайда олар өз бетімен тарай алады",- деді ол. "Бірақ жаңа сайлауды тағайындау үшін парламенттің таратылуын заңдық тұрғыда рәсімдеу қажет. Өйткені, Конституцияда өз бетімен тарауға байланысты рәсімдеу жайы қарастырылмаған",- деді А.Дауылбаев. "Осыған байланысты мемлекет басшысы Конституцияның жаңа редакциясында көрсетілген тиісті процедураларды сақтай , парламент палаталарының төрағаларымен және республика үкімет басшысымен ақылдаса отырып, парламентті немесе мәжілісті тарату туралы жарлық шығара алады",- деді ол.

Осы орайда еске салсақ, 6-маусымда бір топ депутат Конституциялық кеңестен үшінші шақырылған парламенттің таратылу мүмкіндігі туралы түсініктеме беруді сұрады. Атап айтсақ олар "Конституциялың жаңа тиісті нормаларының жедел қолданысқа енгізілуі үшін мәжіліс өз бетімен тарауға шешім қабылдай ала ма, егер ол мүмкін болмаса, мемлекет басшысы өзінің мәжілісті тарату жөніндегі конституциялық өкілеттілігін пайдалана ала ма?", деген сауал тастаған.

Сонымен бірге депутаттар Конституциялық кеңеске "қазіргі шақырылымдағы парламент мәжілісін тарату парламент депутаттарына жаңа өкілеттіліктер берудің жаңа тәртіптерін белгілеу мүмкіндігін қарастырып заңдастыратын Конституция нормаларын қолданысқа енгізуге негіз бола ала ма, егер негіз болса, онда төртінші шақырылған мәжіліс сайланғаннан кейін республика парламенті жаңа конституциялық өкілеттіліктерге ие бола ма", деген сауалға жауап беруді сұрады.

Бұл сауал бойынша Конституциялық кеңес 18-маусым күні түстен кейін шешім қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны