28.04.2016, 20:22 4619

"Орталық-Оӊтүстік" жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теӊге бөлінді - Ж.Қасымбек

"Орталық-Оӊтүстік" жобасы аясындағы Астана - Алматы бағыты бойынша жұмыс 2013 жылы екі учаскеде басталды: Астана-Теміртау - 171 км және Алматы-Қапшағай - 104 км. Бүгінде пайдалануға 12 шақырым жол берілді. 2016 жылдыӊ бюджеті 63 млрд теӊгені құрады", - деді Ж.Қасымбек

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Орталық-Оӊтүстік" жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теӊге бөлінді, деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ бірінші вице-министрі Жеӊіс Қасымбек Парламент Мәжілісініӊ көшпелі отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Орталық-Оӊтүстік" жобасы аясындағы Астана - Алматы бағыты бойынша жұмыс 2013 жылы екі учаскеде басталды: Астана-Теміртау - 171 км және Алматы-Қапшағай - 104 км. Бүгінде пайдалануға 12 шақырым жол берілді. 2016 жылдыӊ бюджеті 63 млрд теӊгені құрады", - деді Ж.Қасымбек, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол атап өткендей, жылдыӊ қорытындысы бойынша Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі жұмыстар толық аяқталды. "Орталық-Оӊтүстік" бағытындағы жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.

Астана-Өскемен бағытындағы жолдардыӊ құрылысына осы жылы 60,5 млрд теӊге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау бағытындағы учаскелер жүзеге асырылады.

"Биыл біз ұзындығы 200 шақырым учаскеде жолды ашуды жоспарлаудамыз. Бұл негізінен Астана қаласынан Павлодар бағытындағы алғашқы 50 шақырым және Павлодар қаласынан жекелеген учаскелер. Сондай-ақ, Ертіс өзеніндегі көпірдіӊ құрылысын аяқтауды жоспарлаудамыз. Бұл бірегей жаӊа көпір биыл күзде аяқталады. "Қалбатау- Өскемен" учаскесі - 102 шақырым Қытайдыӊ "Эксимбанкінен" алған қарыздар есебінен жөнделеді", - деп түсіндірді вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны