10.01.2008, 18:16 2864

Өртке қарсы қызметі 2008 жылы республика бойынша сауда нысандарын тексеру жұмыстарын жалғастырады - комитет басшысы

Өртке қарсы қызметі 2008 жылы республика бойынша сауда нысандарын тексеру жұмыстарын жалғастырады - комитет басшысы

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өртке қарсы қызметінің комитеті 2008 жылдың бірінші тоқсанында Республика бойынша сауда нысандарын тексеру жұмыстарын жалғастырады. Бұл туралы бүгін бизнес қоғамдастық өкілдерімен кездескен комитет төрағасы Сергей Дырин мәлімдеді.

"Бұл жұмысты біздер бірінші тоқсанда да жүргізетін боламыз. Бұл салада атқарылмай жатқан жұмыс шаш етектен, өйткені, сауда нысандарының барлығы кезінде қойылған талаптар бойынша салынбай, өрт қауіпсіздігінің тәртібі де сақталмады", - деді С. Дырин.

"Біз бұған қарсы күресеміз, адамдар өздерінің қауіпсіздігін сезіну керек ", -деп атап өтті ол.

Ол еске салғанындай,"Астана, Шымкент, Алматы, Қызылордадағы сауда орындарында 2006 жылы болған өрт оқиғалары, және 2007 жылы Алматыдағы ("Гросс" супермаркеті жанды), супермаркет өрттің шырмауында қалды. Осыған орай, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 2007 жылдың мамыр мен қыркүйек айлары арасында Қазақстан Республикасындағы барлық сауда орындарын тексеріп шықты".

"Тексеру қорытындылары бойынша, өртке қарсы қызметі тарапынан сотқа берілген шағымдар бойынша, өрт қауіпсіздігі сақталмаған 370 сауда орындарын уақытша пайдаланылуы соттың шешімімен тоқтатылды", - деп хабарлады С. Дырин.

Оның мәліметтері бойынша, жалпы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлері 2007 жылы 85 мыңнан аса шаруашылық нысанын тексерді. Оның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігін ескермеген 2513 нысананың қызметі уақытша тоқтатылып, немесе өрт қызметінің сотқа тапсырған арыздары бойынша жабылды. Өрт қауіпсіздігінің тәртібін орындамаған немесе бұзғаны үшін әкімшіліктік жауапқа 54 мың лауазым иесі мен азамат тартылып, олардың 48 мыңына 254 млн теңгеден аса қаржылық айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны