24.07.2019, 23:45 15319

Қорықшыны өлтіргендер жедел іздестіріліп, күдіктілер ұсталды

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғыны күдікті ретінде анықталып ұсталды. Сондай-ақ, қылмыс орыннан 20 шақырымдай жерден "Нива" маркалы автокөлік табылды.

Нұр-Сұлтан. 24 шілде. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдегендей, инспекторларға шабуыл жасаған қылмыскерлерді анықтау және ұстау үшін еліміз бойынша "Ұстау" жоспары жарияланды. Қолдағы деректер барлық аймақтарға жөнелтілді.

Оқиға орнына жақын орналасқан Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жеке құрамы дереу күшейтілген қызметке көшті.

Облыстық және республикалық маңызызы бар автожолдарға блок-бекеттер қойылды, үш облыстың автожолдары бойымен жедел-іздестіру топтары жіберілді.

Іздестіру жұмыстарына ІІМ ТЖК тікұшақтары, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және "Арлан" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Жоспарланған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғыны күдікті ретінде анықталып ұсталды. Сондай-ақ, қылмыс орыннан 20 шақырымдай жерден "Нива" маркалы автокөлік табылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыс құралы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Бірқатар криминалистік сараптамалар тағайындалды. Бұл қылмысқа басқа да қатысушылардың бар-жоғы тексерілуде.

Қорықшы Қ.С. Нұртазиновтың өліміне және қорықшы С.К. Оспановты өлтіру әрекетіне байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының браконьерліктің алдын алу және жолын кесу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлады.

Жыл басынан бері киіктерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды, 32 адам ұсталды, 634 киік мүйізі, қылмыс құралдары, сондай-ақ, 13 бірлі автокөлік және 19 - атыс қаруы алынды. Келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.

Браконьерлік үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту, оның ішінде мүлік пен қылмыс құралын тәркілеу туралы ұсыныстар енгізілді.

Табиғат және жан-жануарлар әлеміне қатысты заңдарды бұзушылар келтірген зиян үшін өндірілетін өтемақы мөлшерін арттыру мәселе де пысықталуда.

Орман шаруашылығы және жан-жануарлар әлемін қорғау бөлімшелерінің көліктерін арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтап, білгілі бір түске боя мәселесі әзірленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны