27.12.2006, 10:09 1586

Осы күндері 2500-ге жуық қазақстандықтар мұсылманның бес парызының бірі - қажылықты орындау үшін Сауд Арабиясына келіп жатыр

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Осы күндері 2500-ге жуық қазақстандықтар мұсылманның бес парызының бірі - қажылықты орындау үшін Сауд Арабиясына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-іне сілтеме жасап.

Қазақстан қажылары Құрбан айт пен Жаңа жылды қасиетті Меккеде қарсы алады.

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігі қажылықты ұйымдастыру шараларын Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қол қойған келісімшарт негізінде жүзеге асыруда. Елшілік Сауд Арабиясының құзырлы министрліктерімен тікелей байланыстар орнатып, туындайтын мәселелерді дереу шешуге дайын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрған қажылық миссиясына жан-жақты көмек көрсетілуде. Елшілік қажылық рәсімдерін орындау жолдарын түсіндіретін қазақ тілінде анықтама кітапшасын шығарып, Қазақстаннан келген қажыларға тегін таратты. Мекке мен Мәдине университеттерінде діни білім алып жатқан 50-ден астам қазақ студенттері араб тілін жетік білмейтін, әрі шетелге алғаш рет шыққан қажыларға жәрдемдеседі.

Жаңа жыл мен Құрбан айты сәйкес келуіне орай Қазақстан Елшілігі қасиетті Меккеде Қазақстаннан келген қажылардың құрметіне қонақасын берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны