25.07.2008, 10:11 1549

Осы күзде Ақтөбеде болады деп жоспарланған ҚР мен РФ шекаралас өңірлері басшыларының халықаралық форумы қыркүйектің 21-22 күндеріне шегерілді

Осы күзде Ақтөбеде болады деп жоспарланған ҚР мен РФ шекаралас өңірлері басшыларының халықаралық форумы қыркүйектің 21-22 күндеріне шегерілді

Ақтөбе. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Осы күзде Ақтөбеде болады деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері басшыларының халықаралық форумын өткізу мерзімі қыркүйектің 21-22 күндеріне шегерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жоғарыда аталған мерзім екі елдің белгілі бір бағдарламалары мен мүдделеріне байланысты таңдалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімінің кеңесшісінің міндетін атқарушы Амантай Өтегенов облыс форумға дайындалып үлгере алмай жатыр екен деген қауесетті жоққа шығара отырып. Алғашында бұл форум қыркүйектің 12-де өтеді деп жоспарланған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны