05.09.2018, 18:14 3892

Осы жазда қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары қайда демалды?

Мониторинг көрсеткендей, Қазақстанда туристік қызметті жүзеге асыру үшін 1500 астам лицензия берілді. Дегенмен, олардыӊ 500 ғана жұмыс істеп отыр.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жаз аяқталды, күз мезгілі де келді. Көптеген қазақстандықтар алыс-жақын ыстық елдерден өз демалыстарынан оралып та үлгерді және күнделікті жұмыстарына кірісіп кетті. Отандастарымыздыӊ арасында үлкен сұранысқа ие елдердіӊ ерасында бірінші орында Түркияныӊ дәстүрлі курорттары, екінші орында Мысыр, үшінші орында Қытай мен БАИ тұр, - деп хабарлайды "Туристік Қамқор" Корпоративті қордыӊ баспасөз қызметі.

Өз алдына осы жылы демалу үшін қазақстандық эстрада орындаушылары қай елдерді таӊдады екен?

Шоу-бизнестіӊ отандық өкілдері көптеген қазақстандықтар сияқты 2018 жылы отбасылық демалыс үшін алтын құмдары бар түріктердіӊ теӊіз жағалауларын таӊдауды жөн көріпті. Дегенмен, олардыӊ арасында бүкіл жазғы демалысын үй әрекеттеріне - үй мен пәтер жөндеуіне жұмсағандары да болды, ал кейбір жұлдыздар отандық курорттарды таӊдапты.

Мысалы Илишер Каримов, Ақбота Керімбекова, Бауыржан Рақымбеков, Майра Ілиясова Анталья жағалауын таӊдады. Ал Шахизада Түркиядан бөлек Мальдивыда да демалып үлгеріпті.

Қазақстандық әйгілі тележүргізуші Ляйла Сұлтанқызы шілде айында отбасылық достары - Бүркіт, Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар, Ийгерім Қалаубаевамен бірге - сондай-ақ Түркия жағалауларында демалғаны белгілі болды.

Тәуекел Мүслім, Олжас Илжанов, Ғазірет Ержанов пен Ерлан Бұхарбаевтыӊ демалыстарыда керемет өткен. Ол төрттік Лас Вегасты бағындырыпты, ол жерде Голливуд жұлдыздарымен жеке кездесіп, кино жұлдыздарыныӊ атақты адамдары бас қосатын Cinemakon кино көрмесіне де қатысыпты.

Кейін аталған төрттік Лос-Анджелес пен Нью-Йоркты ты бағындырған. Достар және цех бойынша әріптестер сондай-ақ Қырғызстанда және Лондонда Арсенал-Вэст Бромович матчын тамашалау үшін арнайы барған екен. Демалыс деп осыны айт.

Керісінше Роза Қуанышқызы осы жазда таӊдауды ішкі туризм пайдасына жасапты - өз демалысын емдік шипасы бар көл - Алакөлде өткізуге бел буыпты.

Мақпал Жүнісова, Маржан Арапбаева мен Мөлдір Иуелбекова өз жаздарын үй әрекеттеріне және ел ішіндегі гастрольдерге арнағанды жөн санапты.

Кіммен, қайда демалсаӊыз да, "Туристік Қамқор" Корпоративті қоры еӊ бастысы демалуға баратын жердегі қонақ үйдіӊ бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билет бағасыныӊ төленгендігін, сондай-ақ, алыс шетелге шыға қалсаӊыз, өзіӊіздіӊ ТУРКОД-ыӊыздыӊ бар екендігін тексеруді ескертеді.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге байланысты) әріпті-цифрлы символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты тұрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист қормен байланысқа шығады, өзініӊ туркодыныӊ нөмірін хабарлайды және 24 сағат бойы шұғыл көмек көрсетуді күтеді.

Барлық қазақстандық турагенттіктер егер ол "Туристік Қамқор" мүшесі болып табылса, жолдаманы сатып алған кезде әр адамға ТУРКОД беруге міндетті.

Ол орындалмаған жағдайда турфирманыӊ қызметі заӊсыз және шетелде демалған уақытта Сіздіӊ қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды деп есептелінеді.

ТУРКОД кез келген жағдайда Сіздіӊ отаныӊызға жақын арадағы рейспен оралуыӊызға кепіл болады.

Қордыӊ бүкіл жұмыс істеген уақыты ішінде 533 мыӊнан астам қазақстандықтарға ТУРКОДТАР беріліп үлгерді.

Мониторинг көрсеткендей, Қазақстанда туристік қызметті жүзеге асыру үшін 1500 астам лицензия берілді. Дегенмен, олардыӊ 500 ғана жұмыс істеп отыр. Туристік қызметтер нарығындағы барлық турфирмалар "Туристік Қамқор" Қорыныӊ құрамына кірген жоқ. Тек олардыӊ 59 ғана шетелдегі азаматтардыӊ қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесініӊ қатысушылары болып табылады.

"Туристік Қамқор" қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істеп жатыр. Заӊнама аясында бүгінгі таӊда www.fondkamkor.kz сайтыныӊ "Қатысушылар тізілім" бөлімінде көрсетілген компаниялар жұмыс істеп жатыр. Мониторинг деректері бойынша нарықтыӊ қармауы 80% көбін құрап отыр және тағы 20 туроператорларыныӊ енуі күтіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны