07.08.2026, 14:06 52716

ОСК Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскені анықтау жолдарын түсіндірді

ОСК Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскені анықтау жолдарын түсіндірді
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.

Сервис үш платформада қолжетімді: GOV.KZ, sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz.

Сондай-ақ, өз сайлау учаскеңізді eGov Mobile қосымшасындағы "Танымал қызметтер" бөлімінен табуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны