22.12.2008, 17:09 3119

Өскемен базарларында сауда орындарын жалға алу ақысы төмендеді

Өскемен базарларында сауда орындарын жалға алу ақысы төмендеді

Өскемен. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өскемен базарларында сауда орындарын жалға алу ақысы төмендеді. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сауда орындарын жалға алу ақысы 4-5% төмендеді. Бұл шара Өскемен базарларында инфляцияны ауыздықтау үшін жасалып отыр", -деп хабарлайды әкімдік.

Мұндай шешімді "Дина" бөлшек және көтерме сауданы кешенінің, "Инуар" базарының, "Шығыс таңы" және "Достық-Сауда" ЖШС-нің басшылығы қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны