31.01.2007, 19:18 7341

Өскемен қаласын дамытудың бас жоспарының жобасы бекітілді

ӨСКЕМЕН. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары қаланы дамыту бас жоспарының жобасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз алға үлкен қадам жасадық - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығын дамыту бас жоспарының жобасын бекіттік",- деді Өскемен қаласының әкімі Манарбек Сапарғалиев. "Бұл қаланың үйлесімді, екпінді және парасаттылықпен дамуына мүмкіндік береді",- деді әкім.

Айта кетейік, Өскемен қаласын дамытудың бас жоспарын жасау 2003 жылы басталған. Осы аралықта оны дайындауға 70,5 млн. теңге бөлінді.

Өскемен қаласынын бас жоспарын әзірлеумен айналысқан "ГРАДО" жоспарлау фирмасы" ЖШС басшысы Иркенжан Мәметовтың айтуынша, "қаланың жоспарлау құрылымында қолданыстағы бас жобаның ережелері сақталған". Ал, жаңа бас жобада 2030 жылға дейін қала құрылысын дамыту тұжырымдамасы жасалған.

Атап айтқанда, И. Мәметов болашақта Өскемен " ірі өндірісті, экспортқа бағытталған, ғылыми және инновациялық, аймақтық бизнес орталығы ретінде, халықаралық іскерлердің пікір алмасуына қолайлы мейманханасы, мейрамханасы бар, ауылшаруашылық және металлургиялық өнімдердің, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының аймақаралық көрмелерін өткізетін көрме кешендері бар қала ретінде қарастырылуда".

Қала аумағын радиалды айналмалы құрылымда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бас жобада қала шеңберінде үш айналым құру қарастырылған.

Ертіс өзеніне жақын орналасқан бөлігінде рекрециялық аймақ салынады, онда дендробақ, этнографиялық мұражай, зообақ, аквапарк және басқада рекрециялық және спорттық нысандар орналастырылады, оның ішінде жалпы қалалық спорт кешені де бар.

Сонымен қатар күл-қоқыс өңдейтін кешен салынады деп жоспарлануда, оның орналасатын орнын арнайы комиссия шешуі тиіс. Мұндай кешен, жүкті ауыстырып тиеумен, іріктеп және қалдықтарды көмуге дайярлаумен айналысады.

Жобада жаңа әуежай, автокөлік көпірлерінің құрылысына, жер телімдері қарастырылған, сонымен қатар Защита станциясына қарай бағытталған жолдарды, темір жолдарды кеңейту көзделуде.

Жобаның жетекшісі И. Мәметовтың айтуынша, "қаланың тарихи бөлігі - оң жағалау сақталады".

Өскемен қаласының бас жобасын облыстық мәслихат депутаттары бекітуі тиіс, одан кейін үкімет мақұлдауы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны