14.09.2006, 14:56 4098

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов Өскемен қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұл орынтаққа Манарбек Сапарғалиев отырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өскемен - Шығыс Қазақстанның жүрегі. Ол еңбеккерлердің қаласы. Шығыс Қазақстан облысының қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Сол себепті қала әкімінің бір басты мақсаты - осы даму қарқынын сақтап оны әріқарай үстемелеу",- деп мәлімдеді В.Храпунов жаңа әкімді қала активіне таныстыру барысында.

Облыс әкімі жаңа басшының алдына қойылатын басты міндеттер ретінде тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыс және жолдарды жөндеуді атады.

М.Сапарғалиев 1963-жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Огневка ауылында туған. Алматы халықшаруашылығы институтын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді. Алматыда мемлекеттік сақтандыру саласында жұмыс істеген. 90-шы жылдарда Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы мемлекеттік сатып алу департаменті директорының бірінші орынбасары болды. 2005-2006-жылдарда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2006-жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі тағайындауға дейін Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны