17.04.2009, 13:51 3252

Өскемен қаласындағы медициналық мекемелер қазіргі заман талаптарына сай келмейді - ШҚО әкімі

Өскемен қаласындағы медициналық мекемелер қазіргі заман талаптарына сай келмейді - ШҚО әкімі

Өскемен. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың пікірінше, Өскемен қаласындағы медициналық мекемелер қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Бұл туралы агенттікке ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс орталығындағы медициналық мекемелерді аралап шыққан аймақ басшысы медициналық және білім беру мекемелері қазіргі талаптарға сай келмейді деген тұжырым жасады. Айта кететіні, егер ауруханалар медициналық құрал-жабдықтармен азды-көпті қамтамасыз етілсе, олардың науқастарға арналған бөлмелерінің, дәліздердің және медицина кабинеттердің іші-сырты сын көтермейді. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету жағынан бірқатар ескертулер бар.

№2-ші кеңес беру емханасында облыс әкімі осында бекітілген халықты профилактикалық қараумен толықтай қамтамасыз етуге медицина қызметкерлерінің назарын аударды. Облыс әкімінің пікірінше, медициналық қызмет көрсетудің бұл түрінің механизмі жетілдірілмеген. "Егер біз жүйелі әрі белсенді түрде аурулардың ерте диагностикасына назар аудармасақ, оның төмендеуіне қол жеткізе алмаймыз", - деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

Облыстық ауруханада аймақ басшысын көз микрохирургиясы бөлімінің мүшкіл жағдайы қатты алаңдатты. Ғимараттың салынғанына жарты ғасыр уақыт болғандықтан гинекология бөлімінде жасалған жөндеу жұмыстары да өзін-өзі ақтамас. Бердібек Сапарбаев халыққа ақылы қызмет көрсеткенде түсетін қаражатты пайдалануға қатысты бірнеше сұрақтар бар екенін де жасырмады. Оның тапсырмасы бойынша аталған жағдай жақын уақыт ішінде тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып зерттелетін болады.

Аймақ басшысы аурханадағы кардиохирургиялық көмек көрсету тәжірибесі мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, науқастарды қашықтықта емдеу тәсілдерін құптарлық жай деп көрсетті. Дегенмен, аймақтың бас ауруханасын аралауда негізгі және қосалқы ғимараттардың жағдайы алаңдаушылық туғызатыны айтылды. Енді биліктегілер жаңа облыстық аурухана құрылысын қаржыландырудың көздерін іздеудің жолын ойластыруы қажет. Ал қазіргі дағдарысты заманда бұл оңай шаруа емес.

Облыс әкімі аралаған онкологиялық диспансерде де күрделі жағдай қалыптасқан. Сәулелік терапия орталығының толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықтауға тағы 380 млн. теңге қаржы қажет. Сондай-ақ, мұнда қосалқы ғимарттар да салынып бітпеген, бұл айтарлықтай қаржыны талап етеді. Облыс әкімі аталған мәселені қарастырып, тиісті шешім қабылдаймын деп уәде берді.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасына келетін болсақ, мұнда да жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жалпы, Бердібек Сапарбаев "жол картасының" іс-шараларын пайдалана отырып, облыстық емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік мекемелерін тиісті талаптарға сәйкестендіру жөнінде пікір білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны